Қоғам • 09 Қараша, 2023

«Браконьер» іс-шарасы барысында 76 құқықбұзушылық анықталды

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылғы қазан айының жиырмасында басталған бір айлық «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында табиғат қорғау заңнамасын бұзғандар, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын ұйымдастырғандар анықталып, бірқатар экологиялық қылмыс ашылды.

«Браконьер» іс-шарасы барысында 76 құқықбұзушылық анықталды

Жүргізілген рейдтік шаралар барысында 17  күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың 76 дерегі белгілі болды. Олардың екеуі қылмыстық, қалғаны әкімшілік құқық бұзушылық қатарына жатады.

Бесінші қараша күні полицейлер Телікөл каналының тұсында Шиелі ауданы тұрғыны басқаруындағы «Лада» автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында көліктің жүк салғышынан резіңке қайық, аккумулятор, тоқ ұрғыш құрал, қапқа салынған балық алынды. Тиісті сот-сараптама тағайындалды.

Аталған дерек бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен  ауданның екі тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.